ТАЛАПТАР
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-на жұмысқа орналасу үшін үміткерлер қызметкерлерді таңдау кезеңдерінен өтуі қажет.
Қызметкерлерді таңдау кезеңдері
Қызметкерлерді таңдау 3 кезеңнен тұрады және олардың әрқайсысы үміткердің кәсіби және тұлғалық қасиеттері мен дағдыларын анықтауға және бағалауға бағытталған.
 1 Кезең. Бірінші кезеңді персонал бөлімі жүргізеді және ол келесі процедуралардан тұрады:
1) Телефонмен сұхбаттасу, оны персонал бөлімінің қызметкері түйіндеме мен сауалнаманы талдау үшін жеткіліксіз мәліметтерді жинау мақсатында жүргізеді;
2) Үміткердің түйіндемесін немесе сауалнамасын талдауды персонал бөлімінің қызметкері бос орын бойынша негізгі талаптарға (білімі, біліктілігі, тәжірибесі, жұмысты білуі мен дағдысы) сәйкестігін анықтау үшін жүргізеді
3) Персонал бөлімінің бастығымен сұхбаттасу мыналарды анықтау үшін жүргізіледі: үміткер негізгі талаптарға қаншалықты сәйкестігін, түйіндемедегі ақпараттың немесе сауалнамадағы мәліметтердің шынайы мәліметтерге сәйкестігін, үміткердің жаңа жұмысты іздеуінің себебі туралы ақпаратты.
2 Кезең. Болашақтағы тікелей басшысымен (құрылымдық бөлімше басшысымен) сұхбаттасу. Таңдаудың екінші кезеңінен сәтті өткеннен кейін персонал бөлімімен, қажеттілікке байланысты ұсыныстарды тексеру жүзеге асырылады.
3 Кезең. Жетекшілік жасайтын басшымен немесе Басқарма мүшесімен сұхбаттасу. Үміткерлерді бос орынды лауазымдарға жұмысқа қабылдау туралы соңғы шешімді Қордың Басқарма Төрағасы қабылдайды.
Әдетте барлық кезеңдерден өту мерзімі көп уақытты алмайды.
Үміткерлерге қойылатын жалпы талаптар
Түйіндеме, оқу орнынан немесе жұмыс орнынан берілген ұсыныстар (1-2 ұсыныс), білім туралы дипломның көшірмелері, кәсіби курстарды өткендігі туралы сертификаттар, нақты бос орынға қатысты ілеспе хат (Cover Letter) Егер Сіздің түйіндемеңіз болмаса, онда осы жерде Сіз үміткер сауалнамасын толтыра аласыз (үміткердің түйіндемесі сияқты қабылданады).
Дағдылар мен қасиеттер:
- Тез тіл табысушылық, командада жұмыс істеу, келіссөздер жүргізу дағдылары, күшті көшбасшылық және ұйымдастырушылық қасиеттері, талдамалылық және креативтілік қабілеттері; - Стратегиялық ойлау - Ағылшын тілін білгені жөн
Сыйақы пакеті
Қор еңбек нарығындағы мөлшерлемені негізге ала отырып және кейбір өтемақылары мен жеңілдіктері өзге ұйымдардың деңгейінен асатын пакетті ұсынады.
Жеңілдіктер мен өтемақылар пакеті:
• Еңбекақы (айлық) • Тоқсандық/жыл сайынғы (қызмет түрінің ерекшелігіне байланысты) сыйақы беру (еңбек нәтижелері бойынша) • Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы (30 күнтізбелік күн) • Материалдық көмек (қызметкердің өміріндегі белгілі бір жағдайлар бойынша) • Қызметкерді және оның отбасы мүшелерін медициналық сақтандыру
|