Бос жұмыс орындары
Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері
Жариялау күні : 19.05.2020

Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:

Білімі:

  • білімі - жоғары заңгерлік.

Жұмыс тәжірибесі мен өтіліне қойылатын талаптар:

  • жұмыс тәжірибесі - азаматтық, корпоративтік құқық саласында кемінде 3 жыл;
  • экономикалық қызмет түріндегі ұйымның тиісті бейініндегі жұмыс өтілі («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тобында және/немесе мемлекеттік басқару органдарында артықшылық беріледі) – кемінде 1 жыл.

Бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін кандидатқа қойылатын міндетті талап:

  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, өтелмеген соттылықтың, сондай-ақ бос лауазымға орналасуға сот тыйымының болмауы.

Негізгі лауазымдық міндеттер:

1) Қордың инвестициялық қызметін құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асыру шеңберінде қорытындылар дайындау, оның ішінде:

  • Қор органдарының және Қордың еншілес ұйымдарының құзыретін айқындау;
  • жобаны іске асыру кезіндегі іс-қимылдардың, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдардың, Қор органдарының және контрагенттердің рұқсаттарын, келісімдерін алу, тіркеу іс-қимылдарын жүзеге асыру қажеттілігі бөлігіндегі тәртібін (алгоритмін) айқындау;
  • акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысының, Директорлар кеңесінің (бақылау кеңесінің) отырыстарына шығарылатын Қордың еншілес/тәуелді ұйымының мәселелері бойынша қорытындылар беру;
  • мәмілелер құрылымын келісу;
  • мәмілелерді заңды құрылымдау;
  • контрагенттерге қатысты наразылық-талап қою жұмысын жүргізу мәселесі бойынша қорытындылар беру;
  • атқарушылық іс жүргізу, оңалту/банкроттық/тарату рәсімдері шеңберінде қорытындылар беру;
  • инвестициялық қызмет шеңберінде контрагенттердің құқықтық мәртебесін құқықтық сараптау;
  • құқықтық тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ұсыныстар беру;

2) Қордың өзге қызметін құқықтық сүйемелдеу, оның ішінде:

  • Қор органдарының құзыретін айқындау;
  • мәселені қарау кезіндегі іс-қимылдардың, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдардың, Қор органдарының және контрагенттердің рұқсаттарын, келісімдерін алу, тіркеу іс-қимылдарын жүзеге асыру қажеттілігі бөлігіндегі тәртібін (алгоритмін) айқындау;
  • мәмілелер құрылымын келісу;
  • мәмілелерді заңды құрылымдау;
  • контрагенттерге қатысты наразылық-талап қою жұмысын жүргізу мәселесі бойынша қорытындылар беру;
  • өзге қызметті жүзеге асыру шеңберінде контрагенттердің құқықтық мәртебесін құқықтық сараптау;
  • құқықтық тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ұсыныстар беру;

3) Қордың және Қордың еншілес ұйымдарының ішкі құжаттарының жобаларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қордың ішкі құжаттарына сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізу және/немесе дайындау, оның ішінде өкімдер, бұйрықтар, сенімхаттар жобаларының, сондай-ақ құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың құқықтық сараптамасы;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қордың ішкі құжаттарына сәйкес шарттардың, келісімдердің, кепілдіктердің жобаларын құқықтық сараптау және/немесе әзірлеу;

5) Қор органдарының (Инвестициялық комитет (Департамент шығаратын мәселелер бойынша), Басқарма, Директорлар кеңесі, Жалғыз акционер (Департамент шығаратын мәселелер бойынша)) корпоративтік шешімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қордың ішкі құжаттарына сәйкестігіне заң сараптамасын жүргізу және дайындау, сондай-ақ Қордың уәкілетті органдарының қарауына енгізілетін өзге де материалдарды келісу;

6) Қор контрагенттерінің құқықтық мәртебесі құжаттарының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және Қордың ішкі құжаттарының сәйкестігіне және олардың шеңберінде заңдық сараптамасы;

7) Қор жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шеңберінде тендерлік құжаттама мен өзге де материалдардың заң сараптамасы;

8) мүлікке (жылжымайтын/жылжымалы) құқық белгілейтін, сәйкестендіру және техникалық құжаттардың сәйкестігіне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде заң сараптамасы;

9) Қордың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгерістері туралы Қордың құрылымдық бөлімшелерінің мониторингі мен хабарламасы;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қордың ішкі құжаттарына сәйкес Қордың және Қордың еншілес ұйымдарының құрылтай құжаттарын, сондай-ақ Қордың жылжымайтын және жылжымалы мүлкіне құқықтарды уақтылы мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету;

11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қордың ішкі құжаттарына сәйкес және олардың шеңберінде мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың, жеке тұлғалардың жауаптарын дайындау және сұрау салуларын/өтініштерін қарау;

12) мемлекеттік органдарда, құқық қорғау органдарында және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда, сондай-ақ тексерушілердің процестік әрекеттерді сақтауын, тексерушілер тұжырымдарының негізділігі мен дұрыстығын, тексерулер нәтижелерін ресімдеуді және процестік құжаттарды жасауды құқықтық бақылау мақсатында мемлекеттік бақылау-қадағалау органдары Қорда жүргізетін тексерулер кезінде Қордың мүдделерін білдіру;

13) өз құзыреті шегінде Қорда құрылатын консультативтік-кеңесші органдардың, комиссиялардың, жұмыс топтарының және жобалау командаларының жұмысына қатысу (тендерлік комиссияның, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жөніндегі комиссияның мүшесі);

14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және оны қолдану тәртібін түсіндіру, құрылымдық бөлімшелерге құқықтық көмек көрсету;

15) Қордың Жалғыз акционері, Қордың Директорлар кеңесі, Қор Басқармасы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

16) Департамент Директорының және Қор басшылығының тапсырмаларын орындау;

17) Департамент қызметінде тәуекелдер деңгейін рұқсат етілген деңгейде ұстап тұру мақсатында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және басқару;

18) Қордың ішкі құжаттарына сәйкес Департаменттің міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті өзге де функциялар.

Жұмыс шарттары:

  • Жұмыс уақыты - сағат 09.30-дан 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
  • Жалдау нысаны - еңбек шарты;
  • Әлеуметтік пакет - материалдық көмек, медициналық сақтандыру (сынақ мерзімінен өткеннен кейін).
  • Орналасқан жері - Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55 А, «Бәйтерек» БО, 3-қабат.
Түйіндемені келесі электрондық поштаға жіберу керек: Rustemova@ifk.kz, Alimbayeva@ifk.kz, Tuyakbayeva@ifk.kz.