Сыртқы аудит

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ қаржылық есептілігінің сыртқы аудиторы

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ үшін сыртқы аудиторлық ұйымды таңдау «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес іске асырылады.

2015 жылдан бері «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ аудиторы «КПМГ Аудит» ЖШС болып табылады, Директорлар кеңесінің 2015-2018 жылдар үшін 2015 жылғы 31 шілдедегі №10, 2019-2021 жылдар үшін 2019 жылғы 31 мамырдағы №04 шешімдерге сәйкес.