Директорлар Кеңесі

Директорлар кеңесі, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және Қордың Жарғысымен Қордың Жалғыз акционерінің және Басқармасының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, оның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын «ҚИҚ» АҚ басқарудың алқалық органы болып табылады. Директорлар кеңесінің қызметі қисындылық, тиімділік, белсенділік, ниеттестік, адалдық және жауаптылық қағидаттарына негізделеді.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ директорлар кеңесінің құрамы

Омарқожаев Әнуар Сағынәлиұлы

Лауазымы Директорлар кеңесінің төрағасы
Қызметі

Жалғыз акционердің 2017 жылғы 27 қаңтардағы шешімі («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының бетпе-бет отырысының №02/17 хаттамасы.)

1973 жылғы 31 қазанда Жамбыл облысында туған. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетін инженер-механик мамандығы бойынша аяқтаған. 1999 жылы «Болашақ» бағдарамасы бойынша Бремен институтының машина құрастыру факультетін аяқтаған.

Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерін меңгерген.

Өндірістік тәжірибені Мәскеудегі Лихачев атындағы зауытта (ЗИЛ) (Ресей), Варендорф қ. «DEULA» аграрлық техника кәсіпорнында және Бремен қаласындағы «Siemens» концернінде (Германия) өтті.

Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінде атташе қызметінен бастады. 2002-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының ГФР-дағы Елшілігінің үшінші хатшысы. 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Хаттамасының бас инспекторы. 2007 жылы – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары – хаттамалық қызметінің басшысы.

2007-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің сыртқы байланыс және хаттама бөлімінің меңгерушісі – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі хаттамасының басшысы.

2014 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі. 2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесі басшысының орынбасары.

2016 жылдан бастап «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Жалғыз акционердің 2017 жылғы 27 қаңтардағы шешімімен («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының бетпе-бет отырысының №02/17 хаттамасы) «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінде акциялары жоқ.

Жакупов Нұрлан Қаршағұлы

Лауазымы Директорлар кеңесінің мүшесі
Қызметі

Жалғыз акционердің 2020 жылғы 10 маусымдағы шешімі («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының күндізгі отырысының №27/20 хаттамасы)

1978 жылы 31 наурызда туған, Қазақстан азаматы. 2001 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (ММХҚИ) бітірген: экономика ғылымдарының кандидаты; экономика магистрі (халықаралық экономикалық қатынастар факультеті); экономика бакалавры (халықаралық экономикалық қатынастар факультеті).

Қазақ, орыс, ағылшын және испан тілдерін меңгерген.

Қаржы және басқару саласында 20 жылдық еңбек өтілі бар.

Еңбек жолын 2001 жылы Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастықта қаржы талдаушысы қызметінен бастаған.

2003 жылдан 2009 жылға дейін ірі халықаралық компанияларда жұмыс істеді: Chambishi Metals PLC – әлемдегі ең ірі кобальт өндірушілерінің бірі  (Китве қ., Замбия;); Research, Investment and Development LTD (Мәскеу қ., Ресей), сондай-ақ Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейдегі инвестициялық жобаларды басқарды.

2008 жылы Credit suisse (Мәскеу қ., Ресей) компаниясында биржада саудаланатын компаниялар акцияларының құны бойынша талдаушы болып жұмыс істеді.

2009-2011 жылдары «ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ» ҰТК-да («Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ ЕҰ) Басқарушы директор - Басқарма мүшесі болып жұмыс істеді.

2011-2016 жылдары Royal Bank of Scotland, UBS банкінде басшылық қызметтерді атқарды.

2016-2017 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Даму және инвестициялар жөніндегі басқарушы директоры - Басқарма мүшесі лауазымын атқарды. 

2019 жылдан бастап – ROTHSCHILD & CO инвестициялық-банк тобының Қазақстандағы өкілі.

Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Медеуов Үсенгелді Өміржанұлы

Лауазымы Директорлар кеңесінің мүшесі Тәуелсіз директор
Қызметі

Жалғыз акционердің 2016 жылғы 19 шілдедегі шешімі («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының бетпе-бет отырысының №30/16 хаттамасы.)

1948 жылы 10 қаңтарда Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған аулында туған. Қазақ. Қазақстан Республикасы азаматы.

1966-1971 жж. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-экономист мамандығымен аяқтады.

Еңбек жолын 1971 жылы экономист қызметінен, Қазақ КСР мемлекеттік жоспарлау (Алматы қ.) жанындағы Ғылыми-зерттеу экономикалық институтының кіші ғылыми қызметкерінен бастады. 1981 жылдан бастап Таскескен аудандық дайындау кеңсесінде тауартанушы-ұйымдастырушы, кейін Семей облысының Таскескен аудандық жұмысшылар кооперативі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. Кейінірек, 1984-85 жж. Таскескен аудандық тұрмыстық комбинатының директоры, 1986 жылы Қазақ КСР Тұрмыстық қасыздандыру министрлігінің еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу секторы (Алматы қ.) басшысының орынбасары болды.

1986-1990 жылдары тұрғындарды тұрмыстық қамсыздандыру министрінің көмекшісі, Қазақ КСР Тұрғындарды тұрмыстық қамсыздандыру министрлігінің істері басқармасының басшысы. 1991-1994 жж. – Қазақстан Республика Еңбек министрлігінде бөлім басшысы қызметінде болды. 1994 жылдан бастап ҚР Президенті жанындағы ммлекеттік секторда – Бас бақылау инспекциясыныңда, кейін 1995-2007 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлкеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі IV-V шақырылымының депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет мүшесі.

Мерейтойлық медальдермен, «Ерен еңбегі үшін» медалімін, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Медеуов Үсенгелді Өміржанұлы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның үлестес тұлға емес.

Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінде акциялары жоқ.

Сәкішов Ермек Рахатұлы

Лауазымы Директорлар кеңесінің мүшесі
Қызметі

Жалғыз акционердің 2016 жылғы 14 сәуірдегі шешімі («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының бетпе-бет отырысының №18/16 хаттамасы.)

Сәкішов Ермек Рахатұлы Қазақ мемлекеттік заң университетін, Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын аяқтады.

Еңбек жолын 2005 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маман қызметінен бастаған. 2005 жылдан 2007 жылдар аралығында жеке сектор компанияларында, ал 2008 жылдан 2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде сарапшыдан бастап әлеуметтік-экономикалық мониторинг секторының меңгерушісіне дейінгі сатыларда қызмет еткен.

2011 жылы «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да инновациялық саясат департаментінің директоры болып қызмет атқарған. 2012 жылдан 2014 жылдар аралығында жеке сектор компанияларында басшылық қызметте болған. 2015 жылы «Байтерек девелопмент» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болған.

Жалғыз акционердің 2016 жылғы 14 сәуірдегі шешімімен («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының бетпе-бет отырысының №18/16 хаттамасы) «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы болып сайланды.

Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінде акциялары жоқ.

Сон Вячеслав Владимирович

Лауазымы Директорлар кеңесінің мүшесі
Қызметі

Жалғыз акционердің 2017 жылғы 18 қаңтардағы шешімі («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының бетпе-бет отырысының №02/17 хаттамасы.)

Вячеслав Сон Қазақ гуманитарлық заң университетін (құқықтану), Заманауи гуманитарлық университетті (лингвистика), сонымен қатар Халықаралық бизнес университетін (МВА, қаржы және кредит) аяқтаған. Вячеслав Сонның заң саласында 12 жылдық басқарушылық жұмыс өтілі бар.

Еңбек жолын 2002 жылы «Қазақстан Даму банкі» АҚ тобында бағалы қағаздармен жұмысты құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заңгері лауазымынан бастап, Заң департаментінің директорына дейін көтерілді. Одан кейін «Тау-кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ басқарушы директоры, ҚР Қорғаныс министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт» РМК бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2013 жылдан бастап «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Аудит және бақылау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Вячеслав Сон «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарушы директоры болып тағайындалды. Оның құзыретіне құқықтық қамсыздандыру мәселелері кіреді.

Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінде акциялары жоқ.

Шамшин Арман Нуржанович

Лауазымы Директорлар кеңесінің мүшесі
Қызметі

Жалғыз акционердің 29.05.2019 жылғы шешімі. ("Бәйтерек” Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасының күндізгі отырысының №29/19 хаттамасы).

Арман Шамшин 1986 жылы 5 желтоқсанда туған, Қазақстан Республикасының азаматы.  Пекин университетін және Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы "Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры" ЖШС-де бастаған.

2014-2016 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі, ведомство қайта құрылғаннан кейін ҚР Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-да 2016 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде Хатшылыққа басшылық етті, сондай-ақ Холдинг Басқармасы Төрағасының кеңесшісі болды.

Қытай, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген.

2018 жылдың қазан айында "Бәйтерек” Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарушы директоры болып тағайындалды. Холдинг басқармасының қызметі, адам ресурстарын басқару және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік етеді. Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына ие емес.


Т.А.Ә.

Лауазымы

Ескертпе

Қордың Директорлар кеңесіне алғаш сайланған күні

Басқа ұйымдардың Директорлар кеңестеріндегі жұмысы және мүшелігі

1

Омарходжаев А. С.

Директорлар кеңесінің Төрағасы, Жалғыз акционердің өкілі

1) Өкілеттік мерзімі - 29.05.2022 ж. дейін;

2) "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 29.05.2019 ж. №29/19 шешімі;

3) Директорлар кеңесінің Төрағасы ретінде сайлау туралы 04.06.2019 ж. шешімі (№05 хаттама).

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 29.05.2019 ж. шешімі.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесі,

"Бәйтерек девелопмент" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы, "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы

2

Сон В. В.

Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі

1) Өкілеттік мерзімі - 29.05.2022 ж. дейін;

2) "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 29.05.2019 ж. №29/19 шешімі;

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 29.05.2019 ж. шешімі.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарушы директоры, "Бәйтерек девелопмент" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, "QAZTECH VENTURES" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

3

Шамшин А. Н.

Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі

1) Өкілеттік мерзімі - 29.05.2022 ж. дейін;

2) Жалғыз акционер – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 10.06.2019 ж. №30/19 шешімі.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 10.06.2019 ж. шешімі.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарушы директоры

4

Жакупов Н.К.

Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор

1) Өкілеттік мерзімі - 29.05.2022 ж. дейін;

2) "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 10.06.2020 ж. №27/20 шешімі.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 10.06.2020 ж. шешімі.

ROTHSCHILD & CO инвестициялық-банк тобының Қазақстандағы өкілі

5

Медеуов У. У.

Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор

1) Өкілеттік мерзімі - 29.05.2022 ж. дейін;

2) "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 29.05.2019 ж. №29/19 шешімі;

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 29.05.2019 ж. шешімі.

Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді

6

Сакишев Е. Р.

Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма Төрағасы

1) Өкілеттік мерзімі - 31.05.2022 ж. дейін.;

2) Жалғыз акционер – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 29.05.2019 ж. №29/19 шешімі.

Жалғыз акционер – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 29.05.2019 ж. №29/19 шешімі.

"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ Басқарма Төрағасы


Р./т №

"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ
Директорлар кеңесінің комитеті

"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ
Директорлар кеңесі комитетінің құрамы

Комитет Төрағасы

Комитет мүшелері

1

"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеті

1. Жакупов Нурлан Каршагович

2. Медеуов Усенгельды Умиржанович

3. Сон Вячеслав Владимирович

2

"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті

1. Жакупов Нурлан Каршагович

2. Медеуов Усенгельды Умиржанович

3. Сон Вячеслав Владимирович

3

"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитеті

1. Медеуов Усенгельды Умиржанович

2. Жакупов Нурлан Каршагович

3. Шамшин Арман Нуржанович

4

"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ Директорлар кеңесінің Тәуекелдерді басқару комитеті

1. Медеуов Усенгельды Умиржанович

2. Жакупов Нурлан Каршагович

3. Шамшин Арман Нуржанович