Қор Басқармасы

Сәкішев Ермек Рахатұлы

Лауазымы Басқарма Төрағасы
Қызметі

Қордың жалпы басшылығы, қауіпсіздік, PR

Сәкішев Ермек Рахатұлы Қазақ Мемлекеттік Құқық университетін, Қазақ менеджмент, экономика және болжау инстиутын бітірген. 

1984 жылы 14 қаңтарда туған, Қазақстан азаматы.

Еңбек жолын 2005 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маман лауазымынан бастаған. 2005 жылдан 2007 жылдар аралығында жеке сектор компанияларында, авл 2008 жылдан 2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде сарапшыдан бастап әлеуметтік-экономикалық мониторинг секторының меңгерушісіне дейінгі  сатыларда қызмет еткен. 

2011 жылы «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да инновациялық саясат департаментінің директоры болып қызмет атқарған. 2012 жылдан 2014 жылдар аралығында жеке сектор компанияларында басшылық сатыларын иеленген. 2015 жылы «Байтерек девелопмент» АҚ-ы Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымын иеленген. 

Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінде акциялары жоқ.

Бекбосынов Айдос Сабыржан-ұлы

Лауазымы Төраға орынбасары - Басқарма мүшесі
Қызметі

Проблемалы активтермен жұмыс, борыштарды өндіріп алу, тәуекелдерді басқару

Бекбосынов Айдос Сабыржанұлы «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетті; Инновациялық Еуразия Университетінде МВА магистратурасын бітірген. 

1984 жылы 15 наурызда туған, Қазақстан азаматы.

Еңбек қызметін 2006 жылы «АТФ Банк» АҚ-да ШОБ несиелендіру бөлімінің шағын несиелендіру секторының маманы лауазымынан бастаған. 2006 жылдан 2009 жылға дейін банк секторындағы маманнан бастап квазимемлекеттік сектордағы бөлім бастығына дейінгі лауазымдарда жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Оңалту қоры» АҚ Вице-президенті лауазымында болды. 2012 жылдан бастап 2015 жылға дейін «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.

Басшылық ұстанымындағы жалпы жұмыс өтілі - 7 жылдан астам.

Тағайындау күні-23.02.2015 жыл. 

Үлестес компаниялардың акциялары жоқ. 

Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына ие емес.

Рахимберлин Алмас Мейіржанұлы

Лауазымы Төраға орынбасары - Басқарма мүшесі
Қызметі

Қордың инвестициялық қызметі, оның мониторингі және талдауы

Рахимберлин Алмас Мейіржанұлы шет тілі білімі бар білікті заңгер, құқықтану мамандығы бойынша Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.

1981 жылы 8 қазанда туған, Қазақстан азаматы.

Еңбек қызметін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрылымында 2003 жылы «Ремвагон» АҚ филиалдарын экономикалық талдау және қайта құрылымдау секторының бас маманы лауазымынан бастаған. 2003 жылдан 2016 жылға дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ ведомствосының қарамағындағы компанияларда жұмыс істей тұрып, маман қызметінен заң және кадр жұмысы қызметінің бастығына дейін қызмет атқарды.

2016 жылдан бастап «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-да «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры лауазымында жұмыс істейді.

Үлестес компаниялардың акциялары жоқ. Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына ие емес. Тағайындау күні-28.12.2018 жыл.

Бакитжан Нурлан Шамильевич

Лауазымы Төраға орынбасары-Басқарма мүшесі
Қызметі

Тәуекел-менеджмент, Қордың қаржылық қызметі, Корпоративтік даму

Бакитжанов Нурлан Шамильевич Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген, сертификатталған алқа бухгалтерлер қауымдастығының мүшесі.

1987 жылы 21 шілдеде туған, Қазақстан Республикасының азаматы.

Еңбек жолын "PricewaterhouseCoopers" компаниясында аудиторлық қызмет кеңесшісі болып бастады. Жан - жақты қаржылық қызмет тәжірибесі бар, мәселен, 2010 жылдан 2014 жылға дейін халықаралық аудиторлық ұйымдарда аудиторлық қызмет көрсету бөлімінің басшысы және атқарушы директор лауазымында болды, ал 2014-2015 жылдары Еуразия технологиялық университетінің қаржы директоры болды; 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін – электр энергиясын өндіру жөніндегі компанияда CFO; 2018 жылдан бастап 2019 жылға дейін - "ArсelorMittal" компаниялар тобында CFO болды.

Үлестес компаниялардың акциялары жоқ. Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына ие емес. Тағайындалған күні-11.11.2019 жыл.