«Alliance» СӨК» ЖШС директоры Умаркулов Зокиржон Махамадаминович өмірден озды
Жариялау күні : 14.07.2020

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ «Alliance» СӨК» ЖШС директоры Зокиржон Махамадаминович Умаркуловтың мезгілсіз өмірден өткені туралы зор өкінішпен хабарлайды. 

50 жасында өз ісінің шебері, экономика ғылымдарының кандидаты, Умаркулов Зокиржон Махамадаминович өмірден озды. Өлімнің себебі короновирустық инфекциядан туындаған асқынулар болды.

Зокиржон Махамадаминович жоғары кәсібилігімен ерекшеленді және Өзбекстанның тоқыма саласында үлкен тәжірибесі болды. Ташкент Халық шаруашылығы институтын, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітіріп, Зокиржон Умаркулов әр жылдары Өзбекстандағы тоқыма кәсіпорындарын басқарды, ал 2019 жылдың қыркүйегінен бастап ол Шымкент қаласындағы «Alliance» СӨК» ЖШС басшысының міндетіне кірісіп, кәсіпорынның дамуына үлкен үлес қосты, оның басшылығымен бұрын тұрып қалған иіру фабрикасын іске қосылып, өндірісі жанданды. Әріптестер Зокиржон Махамадаминовичтің жоғары адами қасиеттерін атап өтеді: өз ісіне адалдық, еңбексүйгіштік, ұжымға деген кішіпейілдік пен қамқорлық. 

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ ұжымы Зокиржон Махамадаминович Умаркуловтың қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарының ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.