Қазақстанның инвестициялық қорында Директорлар кеңесі өтті
Жариялау күні : 29.01.2020

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесі «Бәйтерек» холдингі Басқарма Төрағасының орынбасары Әнуар Омарходжаевтың төрағалығымен бірқатар мәселелерді қарады.

Күндізгі отырыс барысында 2019 жылдың 4-тоқсанына «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі Комитеттерінің, Корпоративтік хатшысының жұмысы туралы есеп, сондай-ақ 2019 жылдың 4-тоқсанына «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Корпоративтік хатшысы қызметінің негізгі көрсеткіштерінің орындалуы туралы есеп бекітілді.

Бұдан басқа, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқармасы туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

Күндізгі отырысқа қатысушылар «Бәйтерек девелопмент» АҚ-мен кеңселік үй-жайларды және тұрақ орындарын жалға алу бойынша қызметтерді сатып алу туралы шартқа қол қою арқылы жасалуына «Қазақстанның инвестициялық қоры  АҚ мүдделі мәміле жасасу туралы шешім қабылдады. 

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ - күйзелісті активтерді қайта құрылымдау және басқару саласындағы мемлекеттік даму институты және басқарушы компания. Қор «Бәйтерек»ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.